«ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН МЕН ИРАННЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2021 жылдың 9 ақпанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Ирантану бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай онлайн форматта «ҚР Тәуелсіздігінен кейінгі кезеңдегі Қазақстан мен Иранның қарым-қатынастары» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Ирантану бөлімінің меңгерушісі, доцент м.а. Болатбек БАТЫРХАН пен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің аға оқытушы Акмарал ТЮЛЮБАЕВА жүргізіп отырды.
Кездесуді Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Маджид Самадзаде САБЕР мырза құттықтау сөзімен ашып, екі ел байланысының әр салада жандана түсетініне сенім білдірді. Келесі сөз кезегі Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Мухсен ФАҒАНИ мырзаның баяндамасымен жалғасты.
Алламе Табатабаи университетінің профессоры, саяси ғылымдарының докторы Бахрам Амир АХМАДИАН ИИР мен ҚР байланысының маңыздылығы туралы баяндама жасады.
Бүгінде кейбір бұқаралық ақпарат мәліметтерінде Иран туралы шынайы емес, кері пікір қалыптасқаны өтірік емес. Осыған байланысты Иран Ислам Республикасы туралы стереотиптер легін жойып, оны басқа қырынан қазақстандықтарға таныту мақсатында ЕҰУ шығыстану кафедрасының 3-курс студенті ЖЫЛҚЫШИЕВА Мария баяндамасында атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстан және Иран арасындағы тығыз достық қарым-қатынастың көрінісі ретіндегі сауда, экономикалық және білім саласындағы ынтымақтастық кеңінен талқыланып, осы аядағы студенттер мен өзге қатысушылардың сұрақтарына дипломаттар жауап берді.

Б.Ш. Батырхан 

Басылым күні :  26.05.2021