"Ионосфера институты"

 

«ҰҒЗТО» АҚ «Ионосфера институты» ЕЖШС Қазақ Ұлттық универститеті География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының магистранттары мен докторанттарының негізгі іс-тәжірибеден өтетін базасы болып табылады.

Институтта жоғары білікті ғылыми персонал мен мамандар бар, бұл Қазақстан жер қыртысының жерүсті-ғарыштық геодинамикалық және геофизикалық мониторингі бойынша, сондай-ақ геосфералардың (магнитосфера, ионосфера, атмосфера, литосфера) өзара іс-қимылы, математикалық модельдеуді, заманауи ғарыштық және компьютерлік технологияларды қолдану негізінде жоғары деңгейде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда институт құрамында 8 ғылыми зертханалар жұмыс жасайды:

  • ·         Гидродинамикалық зерттеулер зертханасы
  • ·         Литосфералық-ионосфералық үдерістерді зерттеу зертханасы
  • ·         Жерүсті-ғарыштық зерттеулер деректерін кешенді талдау зертханасы
  • ·         Картография және ГАЖ зертханасы
  • ·         Геокосмикалық байланыстар физикасы зертханасы
  • ·         Орбиталық және жерүсті ғарыш жүйелерінің сенімділігі мен қауіпсіздігі зертханасы
  • ·         Атмосферадағы және ионосферадағы стационарлық емес үдерістер зертханасы
  • ·         Геомагнитті зерттеулер зертханасы

 

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының магистранттары мен докторанттары ғылыми – зерттеу практикаларын негізінен институттағы «Карторграфия және ГАЖ» зертханасында өтеді, сонымен қатар ірі ғылыми зерттеу жобаларына қатысады.

Картография және ГАЖ зертханасының негізгі зерттеу бағыты: урбандалған аумақтардағы техногендік процестердің жерүсті-ғарыштық мониторингі және спутниктік, гефизикалық деректерді және математикалық модельдеу әдістерін пайдалана отырып, ірі техникалық объектілердің жай-күйін бағалау болып табылады. Зертханадағы ғылыми жобаларды орындау барысында, сондай-ақ, жер-үсті ғарыштық мониторинг жүргізуде спутниктік суреттерді өңдеу кезінде, Snap toolbox, ENVI 4.7, ERDAS Imagine және т.б. сияқты ГАЖ өнімдерімен жұмыстар жасалынады. Бұл өз кезегінде магситранттар мен докторанттардың өздерінің диссертациялық жұмысытарын орындауда айтарлық көмегін тигізеді.

 

 

 

 


Басылым күні :  15.01.2021