әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы сіздерді «Онлайн Ашық есік» күніне шақырады!!!!

Құрметті талапкерлер мен ата - аналар!

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы сіздерді «Онлайн Ашық есік» күніне шақырады!!!!

 

Іс - шараның басты мақсаты - талапкерлер мен ата-аналарды университетпен, кафедраның мамандықтарымен, оқуға түсу туралы, университет пен біздің мамандықтардың артықшылықтары туралы (6М05205- "География", 6М07303 - "Кадастр", 6М07302 - "Жерге орналастыру") таныстыру және түсініктеме беру.

Ашық есік күні сіз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басқа жоғары оқу орындарынан ерекшелігі, кафедра мамандықтарының өзгешелігі мен артықшылықтары және сіздің болашақта жұмыс істейтін орындарыңыз туралы мәліметтер беріледі.

Бұл күні біздің кафедраның басшылығымен, оқытушылар құрамымен және студенттерімен танысуға тамаша мүмкіндік туындайды, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері оқитын материалдық-техникалық базамен танысу сізге ҚазҰУ-да оқудың толық көрінісін қалыптастыруға мүмкіндік береді, мұндай мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

Ашық есік күні «Онлайн» түрде құжат өткізу, кафедраның білім беру бағдарламалары, оқу шарттары, грантқа өту балы, оқу ақысы, жатақханада тұру мүмкіндіктері туралы сізді қызықтыратын барлық сұрақтарды қоюға мүмкіндігіңіз бар.

 

 

Барлық тілек білдірушілерді қатысуға шақырамыз

 

Күні: 10.07.2020 ж.

Уақыты: 15: 00

(Zoom: Идентификатор: 351 752 2859, Пароль: 1) 

 

Басылым күні :  08.07.2020