География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының халықаралық байланыстары

Аймақтық география институты Лейбниц (Германия) кеңістік даму тұрғысынан Шығыс Еуропадағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер аясында ғылыми зерттеулермен айналысады. Сонымен қатар, қалаларды зерттеу институт мамандануының арнайы саласына жатады. Институт профессоры Изольде Браде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының оқытушыларымен белсенді жұмыс жасайды, ол 2017, 2018 жылдар аралығында кафедраның докторанттарына ғылыми кеңес беріп, докторанттар осы институтта (Лейбниц институты, Германия) ғылыми тағылымдамадан өтті. Шетелдік ғылыми жеткшіден алған консультациялардан басқа, докторанттарға осы институттың ғылыми кітапханасына, институт қорларына және ғылыми семинарларға қатысуға қол жеткізілді.

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының профессорлары Г.Н. Нюсупова және Ш.М. Надыров Лейбниц атындағы Аймақтық география институтында посткеңестік елдердің ғалымдарымен бірге «Urban reconfiguration in post-Soviet space» халықаралық ғылыми жобасына қатысты. Профессор Изольде Браде «География» мамандығы бойынша кеңесші және білім беру бағдарламасын құрастырушылардың бірі болып табылады.

«Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдағы индустриалды қалалар» жобасы бойынша ғылыми семинар. Жетекшісі Сгибнев В., Тураева Р. 08.08.2018 ж

Басылым күні :  13.03.2020