Жоғары оқу орнын бітірушінің құзыреттілік моделін әзірлеу бойынша жұмыс берушілермен кездесу

 

Жоғары оқу орнын бітірушінің құзыреттілік моделін әзірлеу бойынша жұмыс берушілермен кездесу

 

 

әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасында 30.01.2020 жылы сағат 14.00 де 219 аудиторияда жұмыс беруші "Мемлекеттік ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру институты" директоры Бегманов Абдугали Салбековичпен   "География", "Жерге орналастыру" және "Кадастр" мамандықтарының профессор-оқытушылар құрамы, жоғарыда аталған мамандықтардың студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында жұмыс беруші жұмыс орнында атқарылып жатқан жұмыстармен, жаңалықтарымен өз ойын бөлісе отырып, біздің мамандықтарды бітірушілердің құзыреттілігі, олардың іскерліктері мен жұмыстағы кәсіби дағдылары белсенді талқыланды. Бүгінгі күні бітіруші түлектерге заманауий техника мен технологиялармен және бағдарламалармен жұмыс істей алу қабылеттерінің жоғары болуын және түлектердің жеке қасиеттерін (далалық жұмыстарда, іс сапарларда төзімділікті, жауапкершілік, коммуникабельділік, коллективпен жұмыс жасауды, шет тілдерін) білу қажеттілігін атап өтті. Жұмыс берушілер өз ұйымының жұмыс ерекшелігін егжей-тегжейлі сипаттап, ізденушілерге қойылатын негізгі талаптарды анықтады, болашақ қызметкерлердің қажетті білімі мен құзыреттілігін қалыптастыра алатын пәндерді ұсынды. Сондай-ақ, ол әл-Фараби осы саладағы сұранысқа ие мамандарды даярлайтын негізгі жоғары оқу орындарының бірі болып табылатынын атап өтті. Кездесу "География", "Жерге орналастыру" және "Кадастр"мамандықтарының негізгі оқу жоспарына қажетті пәндерді анықтап енгізу және маманды дайындауда оның құзыреттілігін қалыптастырудың жолдарына тоқталып өттік.

 

https://ingeo.kz/

Басылым күні :  13.03.2020