Бірлесе отырып бәсекеге қабілетті маман дайындау

Бірлесе отырып бәсекеге қабілетті маман дайындау

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы Қазақстан Республикасы География институтымен тығыз байланыста жұмыс жасап отырады. География институтына кафедра көп жылдардан бері кадрлар дайындап келеді. География институтының талабы бойынша маман кадрларды бірлесіп дайындаған бағдарламалар негізінде дайындайды.

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының бакалаврлары мен магистранттары География институтының құрамындағы лабораторияларда практикадан өтеді. Сонымен қатар кафедраны бітірген мамандар география институтындағы ғылыми-зерттеулердің «физика және әлеуметтік-экономика география мәселелері», «табиғатты қорғау және тиімді пайдалану», «Қазақстанның су қорларын ұтымды пайдалану мәселесінің география аспектілері», «мұз басудың табиғи эволюциясын, қар жамылғысының қалыптасуы мен таралу заңдылықтарын, сондай-ақ гляциалды-нивалды табиғи апатты құбылыстарды зерттеу» бағыттары бойынша қызмет атқарады.

 

https://ingeo.kz/

 


 


Басылым күні :  13.03.2020