Әл-Фараби кітапханасында «Ақылды қаланы дамыту үшін геодезияның технологиялық қызметтері» тақырыбында ғылыми семинар өтті

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы қалалық жоспарлаудың әртүрлі бағыттарында геодезия мен қашықтықтан зондтау технологияларын қолдану мәселелеріне арналған «Ақылды қаланы дамыту үшін геодезияның технологиялық қызметтері» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Ғылыми семинар Leica Geosystems және Гонконг политехникалық университетінің Гонконг жерді зерттеу институтымен (Hong Kong Institute of Surveyors бірлесіп VI Халықаралық Фараби оқулары аясында өтті.

Семинардың негізгі мақсаты мен міндеттері: Жібек жолы елдерінің геодезия, қашықтықтан зондтау және ГАЖ саласындағы ғылыми сарапшыларды біріктіру, халықаралық ынтымақтастық орнату, сонымен қатар геодезия, ГАЖ және қашықтықтан зондтау саласында білім алмасу.

Семинарға қатысқан шет елдіктер:

1. Sr. Dr. Conrad TANG Hong Wai

2. Sr. Thomas LEE Wai Pang

3. Desmond FUNG Man Yiu

4. Tang WING Lum

Семинар 02.04.2019 ж Әл-Фараби кітапханасының 4 қабатында өтті.

 

 

Leica Geosystems https://geosystems.kz/

Басылым күні :  13.03.2020