"Қазақстан Қолданбалы Экология Агенттігінде" - семинар өтті

2020 жылдың 10 қаңтарында «Қазақстан қолданбалы экология агенттігі» ЖШС-де семинар өтті. Семинар тақырыбы: «Экологиялық мониторингтегі биоиндикация: әдістеме, проблемалар, практика».


әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының студенттері, магистранттары мен докторанттары  осы семинарға белсене қатысты. Семинар барысында г.ғ.к., доцент Владимир Николаевич Уваров баяндама жасап, геоэкологиялық проблемалар саласында құзыретті кадрларды даярлау, қоршаған ортаны қорғауда ГАЖ мен қашықтықтан зондтауды қолдану бүгінгі күннің өзекті бағыттарының бірі болып табылатындығын атап өтті.


"ҚҚЭА"- "5B060900-География", "6M060900-География", "7M05204-Қоршаған ортаның геокеңістік басқару", "7M05203-География", "8D01503-География" мамандықтары бойынша студенттерге, магистранттар мен докторанттарға өндірістік және ғылыми іс-тәжірибиесінің  базасы болып табылады.
Айта кету керек, "ҚҚЭА" кафедра студенттері үшін негізгі жұмыс берушілердің бірі болып табылады.
 
http://www.kape.kz/ 

Басылым күні :  13.03.2020