Цукуба Университетінің өкілдерімен кездесу

2020 жылдың 28 қаңтар күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің география және табиғатты пайдалану факультетінің профессорлық-оқытушылық Цукуба Университетінің (Жапония) профессорларымен кездесті. Профессор, Dr. Teruo Higashi өзінің тәжірибесімен, зерттеу саласындағы жаңа көзқараспен бөлісті. Университеттердің ынтымақтастығы мен бірлескен зерттеу мүмкіндіктері талқыланды. Қос дипломды студенттердің тәжірибесін енгізу бойынша ұсыныстар қарастырылды. Цукуба университетінің профессорлары төрт университеттің (University of Tsukuba, Shinshu University, Shizuoka University, University of Yamanashi) ынтымақтастығына негізделген магистрлік білім беру бағдарламасының тәжірибесін көрсетті. Бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі - адам әрекеті нәтижесінде пайда болған таулы аудандардағы экологиялық өзгерістерге байланысты мәселелерді шешуге өз үлесін қоса алатын мамандарды оқыту. Профессорлар студенттерге ғылыми-зерттеу және тәжірибелік практика өткізуге қызығушылық танытты. Бұл кездесу университеттеріміздің ғылыми бағытта және білім беру процесінде бірлескен қызметін дамытуына үлесін қосты.

#геофак_казну
#геоземкад_казну

Master Degree Program of Mountain Studies.pdf

 

 
 

Басылым күні :  29.01.2020