Қазақ тілі – халықаралық қарым-қатынас тілі

ҚазҰУ-да «Фараби әлемі» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Қазақ тілі – халықаралық қарым-қатынас тілі» атты халықаралық мектебі жұмыс жүргізді.

«Қазақ тілі – халықаралық қарым-қатынас тілі» атты халықаралық мектебі шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасымен және көптілді білім беру ресурстық орталығы Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетімен (Ресей) бірге Қазақстан Республикасының Елбасы - Бірінші Президент Қорының қолдауымен құрылған.

Қазақ тілінің халықаралық мектебі қазақ тілін әлемге таныту, сонымен бірге шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасындағы қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың әдістемелік мектебінің тәжірибесімен бөлісу мақсатында жұмыс істейді.  

«Қазақ тілі – халықаралық қарым-қатынас тілі» атты халықаралық мектебіне Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің әлеуметтік-саяси ғылымдары институты. Аталмыш оқу орнында қазақ тілі екінші шет тілі ретінде 15 жыл бойы оқытылып келе жатар. Сонымен қатар Қазақ тілі және мәдениеті орталығының аймақтанушы студенттері мен жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдік студенттері қатысты.

Мектеп жұмысы аясында кафедраның жетекші оқытушылары қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі бойынша шеберлік сыныптарын өткізді. Қазақстанның тарихы, мәдениеті, географиясы бойынша мәліметтермен таныстырып жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің қазақ тілін оқитын студенттерімен кездесулер болды.

Ресейлік студенттер мектеп жұмысына қызығушылықпен қатысты және қазақ тілін үйренудегі өздерінің жетістіктерін көрсете білді. Ресейден, Кореядан, Жапониядан келген студенттер қазақ тілінде тілдесті, қазақша әндер орындады, Қазақстан туралы өздерінің әсерлерімен бөлісті.

Семенова Татьяна өте пайдалы әрі қызық өткен оқытушылардың шеберлік кластарына қызығушылықпен қатысқанын сөз етті. Бобкова Арина университетті бітірген соң, Қазақстанда жұмыс істегісі келетінін айтты. Саргсян Седа Алматыны өте қатты жақсы көріп қалғанын әрі алдағы уақытта Қазақстанға жиі келіп тұратынын жеткізді. Барлық қатысушылар мектептің бағдарламасы өте қызық болғанын және бұл бағдарлама қазақ тілінен білімдерін жоғарылатуға, Қазақстанды жаңаша жағынан көруге мүмкіндік бергенін айтып, өз ойларымен бөлісті. 

Басылым күні :  18.05.2018