әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университінің, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында "Фараби әлемі" студенттер мен жас ғалымдардың V Халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Жібек жолының жаңа экономикалық белдеуінің (ЖЖЭБ) қазақстандық аумақтағы бөлігінің әлеуметтік-экономикалық дамуына геоосаяси факторлардың әсері» тақырыбында дөңгелек үстел

10 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университінің, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында "Фараби әлемі" студенттер мен жас ғалымдардың V Халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Жібек жолының жаңа экономикалық белдеуінің (ЖЖЭБ) қазақстандық аумақтағы бөлігінің әлеуметтік-экономикалық дамуына геоосаяси факторлардың әсері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Ұйымдастырушылар: г.ғ.д., проф. Нүсіпова Г.Н., г.ғ.д., проф. Надыров Ш.М., PhD, аға оқытушы Сарсенова И.Б., аға оқытушы Зұлпыхаров Қ.Б.
Дөңгелек үстел барысында қазіргі геосаяси жағдайда Жібек жолының жаңа экономикалық белдеуінің құрылуы мен дамуы бойынша сұрақтары қарастырылды. Сонымен қатар, бұл жобаны дайындау кезеңдерінде ҚХР қолданылған негіздер мен тұжырымдамалар қарастырылды. Орталық Азия елдерінде, атап айтқанда, Қазақстан аумағында қолданылатын нақты практикалық ұсыныстарға айналуы мүмкін теорияның жоғары деңгейі атап өтілді. Дөңгелек үстелде Қазақстанда ұлттық қауіпсіздікті сақтауға бағытталған даму жолдары мен сценарийлері талқыланды.

 

   

Басылым күні :  27.04.2018