Цифрлық Қазақстандағы геодезияның рөлі

2018 жылдың 6-наурызында Жерге орналастыру, геодезия және картография кәсіби мерекесінің қарсаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Ғылыми кітапханасында жерге орналастыру, кадастр, геодезия және картография салаларындағы ірі компаниялар, С. Сейфулин атындағы ҚазАТУ-дың ГАЖ-технологиялары орталығы, «Зерде» ұлттық ақпараттық холдингі (Астана), ЖШС «Геостройизыскания», РМК «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)", әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазҰАУ, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Сәтпаев атындағы ҚазҒЗТУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Жерді қашықтықтан зерделеу орталығы сияқты ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары оқу орындары өкілдері, навигациялық жүйелерді құрастырушы және шығарушы шетелдік әріптес Shanghai HuaCe Navigation компаниясы және т.б. қатысуымен “”Cандық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы геодезияның рөлі” тақырыбында І-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Бұл семинардың ұйымдастырушысы география және табиғатты пайдалану факультетінің география, жерге орналастыру және кадастр, геодезия және картография кафедралары мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің «Геоинжиниринг және табиғатты пайдалану» ҒЗҚИ және ЖШС «Геостройизыскания» болды.
Семинар барысында салалардың қазіргі талаптарына жауап беретін және “”Cандық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында экономика салаларына енгізуге болатын салаларды жаңғырту, стандарттар мен әдістемелерді құрастыру бойынша бағдарламаларды сәтті жүзеге асыру мақсатында Қазақстанның ғылыми және тәжірибелік қауымдастығын біріктіру мәселелері талқыланды.
Семинарға қатысушылар “”Cандық Қазақстан” бағдарламасын жүзеге асыру үшін университеттер, ғылыми орталықтар мен бизнес компаниялардың күшін біріктіріп, үйлестіру орталығы әл-Фараби аындағы Қазақ ұлттық университеті «Геоинжиниринг және табиғатты пайдалану» ҒЗҚИ базасында бірыңғай геодезиялық қауымдастығын құруды бекітудің; институт базасында ғылыми ұйымдардың қызметкерлері мен ОПҚ үшін біліктілікті жетілдіру курсын ұйымдастырып, жерге орналастыру, кадастр, геодезия, картография, геоинформатика және т. б. мамандықтар үшін пәнаралық бағдарламаларды құрастыру қажеттігін атап өтті.

 

Басылым күні :  12.04.2018