Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің бұйрығына сәйкес әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде 2018 жылдың 28-29 наурызында «5В060900-География» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиаданы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды.

Олимпиаданың мақсаты: шығармашылық қабілеттерін ашу, ең дарынды студенттерді іріктеу және қолдау көрсету; студенттердің зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу; географиялық ғылыми мәселелерді шешуге студенттер мен жас ғалымдарды жұмылдыру; география саласында ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту.
«5В060900-География» мамандығы бойынша 2018 жылы Республикалық студенттік пәндік олимпиада конкурсына 11 топ тіркеліп, ақтық сынға Қазақстанның ЖОО-нан 10 топ қатысты. Пәндік олимпиада 3 кезеңнен тұрды.
Бірінші кезең – командалар таныстыруы, екінші кезең – тест және практикалық тапсырмалар, үшінші кезең – «Жібек жолының жаңа экономикалық белдеуі: мүмкіндіктер мен тәуекелдер» тақырыбында ғылыми жобаларды қорғау.
Пәндік олимпиады комиссия мүшелерімен қорытынды сараптау нәтижесінде жеке және топтық есепте жүлдегерлерді анықтады. Комиссия төрағасы - г.ғ.д., проф. Нюсупова Г.Н., комиссия мүшелері г.ғ.д., проф. Надыров Ш.М., г.ғ.к., доц. Веселова Л.К.; г.ғ.д., проф. Аскарова М.А., г.ғ.к., ҚазҰУ проф. Темирбеков А.Т., аға оқытушы Кенеспаева Л.Б.
3 кезеңнің қорытындысы нәтижесінде іріктеп, оларды конкурстық комиссия мүшелері топтық тізімдемеде төмендегі қатысушы топтарды марапатталды:

1 орын – «Геожол», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;
2 орын –«Геостар», С. Торайгыров атындагы ПМУ; «Терра», Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ;
3 орын – «Алтын көпір», Абай атындағы ҚазҰПУ; «Ак-Жайык», М. Өтемісов атындағы БҚМУ; «Жасыл энергетика», ҚазМемПУ;
Конкурстық комиссия мүшелері жеке тестілеу нәтижесі бойынша жоғарғы нәтижеге ие болған төмендегі студенттерді атап өтті:

1 орын – Жармагамбетова Айя, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;
2 орын – Зател Хымбатай, С. Торайгыров атындагы ПМУ, Акимжан Зарина, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ;
3 орын – Саламатова Жазира, М. Өтемісов атындағы БҚМУ, Ерлан Дарина, Абай атындағы ҚазҰПУ, Толеков Зангар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

2018 жылы География пәнінен өткен Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың жүлдегерлерін құттықтаймыз!
#геофак_казну
#геоземкад_казну

Басылым күні :  12.04.2018