GISCA 2021 халықаралық конференция

GISCA 2021 халықаралық конференциясының пресс-релизі


Орталық Азиядағы XV ГАЖ халықаралық конференциясы - GISCA 2021 «Кеңістіктік деректерден кеңістіктік инфрақұрылымға» 30 мамыр - 2 маусым 2021 ж. өтеді. GISCA конференциясы 2005 жылдан бері жыл сайын өткізіледі, осы жылы де Зальцбург университетінің ГАЖ және геоинформатика орталығы мен Геоақпараттық ғылымдардың Австрия-Орталық Азия орталығы - ACA*GIScience қолдауымен Орталық Азияның бірнеше қалаларында аймақтық форматта өтеді (Бішкек, Үрімші, Алматы, Ташкент және Душанбе). Конференция Cisco Webex платформасында онлайн өткізіледі.

Конференцияның негізгі міндеттері - Орталық Азия мен Еуропа елдерінің ғалымдарын, оқытушыларын және ГАЖ мамандарын біріктіру, халықаралық ынтымақтастықты қолдау және көтермелеу, сонымен қатар ГАЖ білім беру саласында тәжірибе мен білім алмасу.

GISCA 2021 конференциясы аясында Орталық Азия елдерінің университеттері мен ғылыми ұйымдарының жетекші мамандарының жетекшілігімен жүргізілген аймақтық зерттеулерге геоақпараттық технологияларды қолдану бойынша ғылыми зерттеулердің тәжірибесі мен нәтижелері атап өтіледі.

Қабылданған мақалалар конференция жинағында жарияланады. Таңдалған мақалалар International Journal of Geoinformatics және басқа Scopus индекстеген журналдарда жариялауға ұсынылады.

Конференцияның жұмыс тілі: ағылшын тілі.

Конференцияға қатысу: тегін.

Алматыдағы сессия 2021 жылдың 1 маусым күні сағ. 15.00-17.30 (жергілікті уақыт) аралығында өтеді.

Барлық сессиялардың конференциясына қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу және конференция бағдарламасы бойынша ақпарат ресми https://www.aca-giscience.org/pages/gisca-2021 сайтында берілген.

Ұйымдастырушылар: география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы, gulnara.nyusupova@kaznu.kz.

Басылым күні :  28.05.2021