Ғылым мен ұстаздық жүгін тең көтерген, сегіз қырлы бір сырлы жайсаң жан

Құқықтанушы-эколог, көрнекті заңгер-ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор, еліміздегі іргелі заң факультетінің деканы Д.Л. Байдельдинов туралы бірер мақалада сарқыла айту өте қиын.

Д.Л.Байдельдиновтың бүкіл саналы ғұмырын күрмеуі көп ғылым жолы мен зерделі шәкірттеге білім беруге және тәрбиелеуге арнады, десек артық айтқандық болмас.

Университтегі күнделікті қарбалас жұмыс әрдайым үлкен қабілет пен дарынды ұтқыр ұштастыруды талап етеді, ол үшін ой-өрістің кеңдігі, терең білім, шәкірттер талғамынан шыға білу, сабырлылық, біліп-түйгеніңді бүкпесіз жеткізе білу сияқты қасиеттер қажет.

Экологиялық құқық саласы өте күрделі болып табылады, осы жолда құқықтық реттеудің ерекшеліктерімен қатар оның астарларын ашатын жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар саласындағы білім көздерін ыждахаттылықпен ой елегігінен өткізуге тура келеді.

Докторлық диссертация тақырыбының - экология саласындағы мемлекеттік-құқықтық реттеу деп таңдалуы да бүгінгі күнге дейін өзекті болып отыр және уақыт өткен сайын маңызы арта түсуде. Саналуан табиғат объектілеріне қатысты мемлекет қызметінің тәсілдері мен нысандарын талдау - бұл табиғатты пайдалану, қоршаған ортаны қорғау сияқты мәселелерді тек қана мемлекеттің шеше алатындығымен айқындалған күрделі сала. Бұл орайда Д.Л.Байдельдиновтың осындай ауқымды да күрмеуі көп тақырыпты таңдауының өзі батыл қадам болып табылады және ол өткен ғасырдың 90-шы жылдары жасаған нақ осы тұжырымдар бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ, өйткені олар ұлттық табиғат қорғау саясатының негізін қалады және еліміздің болашақ экологиялық заңнамасына іргетас болып қаланды.

Д.Л.Байдельдиновтің ғылыми зерттеулерінің тақырыптарын талдау оның өзіне нық сенімді болып қалғандығын және оның экологиялық құқықтың бүгінгі таңдағы жәй-күйінің проблемаларына ғылыми қызығушылығының бәсеңдемегендігін, қайта жаңа деңгейге аттағандығын көрсетеді. Осылайша, қазіргі уақыттағы оның Орта Азия өңіріндегі трансшекаралық суды пайдалану саласындағы жарияланымдары осы аймақ ғалымдарының аса қызуғушылығын туғызды және ең алдымен, су қауіпсіздігі мәселелерінде Қазақстанның мүддесін қорғауға бағытталған. Оның шарттық қатынастарды жалғастыру, сондай-ақ су энергиясын тасымалдағыштардан өзге энергиямен қамтамасыз етудің жаңа көздерін іздеу идеялары уәкілетті мемлекеттік органдар қызметінде нақты қолданылуда.

DSC_0451.JPG

Д.Л.Байдельдиновтың ғылыми жұмыстары АҚШ, КХР, Германия, Польша және басқа елдердің басылымдарында жарияланды. Ғылыми жобалары халықаралық декрекқорда индекстелетін жоғары рейтингтегі журналдар назарына ілікті, бұл отандық нормативтік практика туралы халықаралық жұртшылық пікірін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Дәулет Лайықұлы Қытайдың ірі университеттеріне, Колумбиялық университетке (АҚШ), Польша, Чехия және Венгрия университеттеріне талай мәрте дәріс оқу үшін шақырылды.

Қазақстандағы заң білімі әруақытта өзгерістердің алдыңғы шебінен табылып келеді. Кез келген өзгерістер мен реформалар, ең алдымен, заңгерлерді даярлау үдерісінде байқалады және осы үдерісті ұйымдастыру күрделі әрі маңызды жұмыс болып табылады. Заманауи өскелең талаптарға сай келетін заңгерлерді даярлауға бар күш-жігерін жұмсау - Дәулет Лайықұлы өмірінің үзілмейтін жалғасы іспеттес.

Оқытудың ескі жүйесінен ауысу және біліктілігі жоғары заңгер- мамандарды оқытып-тәрбиелеудің соны әдістемелерін әзірлеу және жаңа заманның өзгемелі жағдайларына орай тың білімнің көздерін екшей білудің ауыр жүгі Дәулет Лайықұлы мен оның үзеңгілес әріптестерінің мойнына жүктеліп отыр.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әрдайым жаңа бастамалардың ұйытқысы болып келеді. Болон Конвенциясының қағидаттарын және қашықтан оқытуды енгізу, оқытудың бай тәжірибеге орайластырылған бағыттылығы, шетел мамандарын тарту және салиқалы ғылыми-зерттеу қызметі - бұл жоғары білімнің заманауи жүйесінің негізгі бастаулары. Оларды енгізу ұтымды ұйымдастырушылық қабілетті, зор ғылыми беделді, жұмыс берушілер мен үйренушілер арасындағы мойындалуды талап етеді, осы межелер биігінен шыға білу Д.Л. Байдельдиновке еліміздің байырғы заң факультетінің дәстүрлерін сақтап дамытуға мүмкіндік берді.

ҚазҰУ түлектері Қазақстанның барлық мемлекеттік құрылымдары мен шетелдерде, халықаралық және отандық ұйымдарда жұмыс істейді. Олардың барлығы да өздерінің сүйікті ұстазы мен тағлымы мол тәлімгерінің қарым-қабілетін жақсы біледі және мақтан тұтады! Осы айтқан пікірімізді ҚазҰУ заң факультетінің бастамаларын алатын мемлекеттік және бизнес ортадағы қолдау толығымен айғақтайды. Осындай игі шаралардың кеңірек таралуына өзінің дипломатиялық қасиетімен, жоғары мәдениетімен және терең білімімен Дәулет Лайықұлы бастамашы болып келеді.

Еліміздің жетекші университетінің ірі заң факультетінің деканы болу - бұл жұмысқа жан-тәніңмен толық берілуді және барлық ең жақсы қасиеттерің мен мүмкіндіктеріңді жұмылдыруды қажет етеді. Заң факультеті тұрақты түрде жүлделі орындарды иеленеді және халықаралық аккредитациялаудан табысты өтеді. ҚазҰУ-дың «құқық» мамандығы әлемдік рейтингтегі 300 үздіктер санатына кіреді. Осының бәрі деканның тыңғылықты еңбегінің арқасы.

Дәулет Лайықұлының парасатты, өз ұжымының, оның әрбір мүшесінің мүддесін батыл қорғай білетін басшы ретіндегі асыл қасиеттерін атап өтуге болады. Ұжымды жайлаған жайма шуақ орта, жастар санының артуы, дәрежеліктің жоғары деңгейі, шетел университеттерінде оқу - осы және көптеген басқа да оң жайттар даму мен жетілуге кең жол ашатын ахуалдың көрсеткіштері болып табылады. Осының барлығы түлектердің зеректілігіне, олардың ұлттық және әлемдік нарықтағы сұранысына игі ықпалын тигізеді.

Дәулет Лайықұлы ҚазҰУ заңтану мен халықаралық құқық жөніндегі Диссертациялық Кеңесінің Төрағасы. Оның жеке басшылығымен докторлық және кандидаттық диссертациялар және PhD диссертациялар қорғалды. Тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ халықаралық ғылыми қоғамдастықта мойындалған экологиялық құқық жөніндегі ғылыми мектепті құрды.

Дәулет Лайықұлының ғалым, педагог және басшы ретінде қалыптасуына оның отбасы үлкен ықпал етті. Зиялылық пен өздігінен жетілуге деген құлшыныс, салауатты тәкапарлық сияқты қасиеттер Д.Л. Байдельдиновке оның ата-аналары - ғалым-педагогтардан, ал кейіннен оның балаларына берілді. Ғалымдар әулеті қазір де өзінің заңды жалғасын табуда және Қазақстанның болашақ білімі мен ғылымының ілгерілей түетіндігі хақында көкірегімізге сенім отын ұялатады.

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің ұжымы заң ғылымдарының докторы, профессор, декан және әріптесі Д.Л. Байдельдиновты алпыстың асқарына шығуымен құттықтайды және өзі мен отбасына денсаулық пен береке-дәулет және өркениетті елдер көшіне ілесу жолында заманауи білікті заңгерлер шоғырын даярлауда толайым табыстар тілейді!

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының ұжымы.

Басылым күні :  14.04.2020