Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Орал қаласы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Орал қаласында 2019 жылғы 11-13 желтоқсан аралығында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, оған Қазақстан, Ресей, жақын және алыс шетелдің ғалымдары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Конференцияны Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті ұйымдастырды. Аталған іс-шараға негізгі спикер ретінде заң ғылымдарының докторы Забих Шолпан Арапбайқызы (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Азаматтық құқық және азаматтық процесс, еңбек құқығы кафедрасы) шақырылды. Ш.а. Забих "ХХ ғасырдың басындағы көрнекті саяси қайраткер Жаһанша Досмұхамедовтың мемлекеттік және құқықтық көзқарастары"тақырыбында баяндама жасады.

Басылым күні :  18.02.2020