Кәсіби маман жетекші инженер-синоптикпен кездесу

2021 жылыдың 21 сәуір күні Метеорология және гидрология кафедрасының  оқытушыларының ұйымдастырумен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында  студенттердің мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру, жауапкершілік, еңбексүйгіштік тәрізді ұлттық құндылықтарын бойларына сіңіру, өмірде өз орнын таба білуге үйрету мақсатында РМК «Қазгидрометтің» Алматы қаласы бойынша филиалының кәсіби маманы жетекші инженер-синоптигі Кисебаев Даулетпен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында мекеменің қызметкері Кисебаев Даулет студенттерге инженер синоптик маманының қызметі жайлы, өзінің  жұмыс орны жайлы қызықты ақпараттарды  баяндады. Ол ауа райы болжамы қалай жасалатыны, азаматтарға және экономиканың жекелеген салаларына қандай метеорологиялық ақпарат қажет екендігі туралы айтты. 

Кездесу соңында студенттер, кафедра оқытушылары өз сұрақтарын қойып, білікті маманмен пікірлерімен алмасты. Филиалдың жетекші инженер синоптик маманы студенттерді, бітіруші түлектерді мамандық бойынша жұмыс жасауға шақырып, оқу барысында мұқият  тыңдап, оқуды, өйткені оқыту кезінде алған білім әрі қарайғы жұмыс үшін бастапқы база болады деп айта кетті. 

#kaznu.kz

#department of meteorology and hydrology

#RSE KazHydroMet

 

Басылым күні :  22.04.2021