«Дүниежүзілік метеорологиялық күн - мұхит, біздің климат және ауа райы» атты мерекелік эдвайзерлік сағат

2021 жылдың 23-ші наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің метеорология және гидрология кафедрасының «Метеорология»  мамандығының 3-курс студенттері мен эдвайзерлері Дүниежүзілік метеорология күніне орай ZOOM платформасында «Дүниежүзілік метеорологиялық күн - мұхит, біздің климат және ауа райы»  атты мерекелік эдвайзерлік сағат ұйымдастырды.

Эдвайзерлік сағат барысында студенттер әдемі құттықтаулар айтып, мамандық бойынша құрастырған мақал-мәтелдерін оқып, жұмбақтар жасырып, өлең шумақтарын арнады. Сондай-ақ құттықтау видеоматериалдары көрсетілді. Мерекелік эдвайзерлік сағат оқытушылар мен студенттерге ерекше көңіл күй сыйлады. Сонымен бірге «Наурыз» мерекесіне де орай құттықтаулар мен жылы тілектер айтылды. 

#kaznu.kz

#department of meteorology and hydrology

#RSE KazHydroMet

 

Басылым күні :  27.03.2021