Ашық эдвайзерлік сағат «Неге біз табиғатымызды бағаламаймыз?»

Green Campus бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі метеорология мамандығының 2,3 және 4 курс студенттері үшін табиғатқа деген құрмет сезімін қалыптастыру және табиғаттағы деструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында танымал қазақстандық саяхатшы Мағжан Сағымбаевпен студенттердің онлайн-кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында саяхатшы өзінің бүкіл әлемді велосипедпен жүріп өткен сапары жайлы, адамдардың табиғатпен ара қатынасы және Қазақстандағы экологиялық еріктілік жұмыстары туралы қызықты, танымды ақпараттарымен бөлісті. Сондай-ақ, кездесу барысында экологиялық жобалар мен елдегі экологиялық мәдениет жайлы ойлары және сол мәдениеттіліктің кейбір жастар арасында төмен екені айтылып,  талқыланды. Дәріс соңында студенттер сабақ тақырыбын қорытындылау мақсатында сөздер мен тегтер бұлтын құрастырды.

Іс-шараға жауапты: 1 курс докторанттары Турсумбаева М.О., Юшина Ю.А.

Сабаққа сілтемелер: https://1drv.ms/u/s!ArdyJq4MD_EIgvk9f9L-koW7Ef4AXQ?e=2DsLOb

 

#kaznu.kz

#department of meteorology and hydrology

Басылым күні :  18.03.2021