СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ (ҒЗЖ) РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ

Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері, ғылыми жетекшілер!

 

«МЕТЕОРОЛОГИЯ», «ГИДРОЛОГИЯ» бағыттары бойынша студенттердің ғылыми жұмыстарының Республикалық жыл сайынғы байқауына (СҒЗЖ) ғылыми жұмыстарды қабылдау болып жатыр.

Конкурсқа «Метеорология және гидрология» кафедрасының білім алушылары қатыса алады.  

Студенттердің ғылыми жұмыстары СҒЗЖ конкурсына бір жарым интервалмен басылып шығарылады. Жұмыстың көлемі 20 - 40 беттен аспауы керек. Ғылыми жұмыспен бірге келесі құжаттар ұсынылады: ғылыми жұмыстың аннотациясы, ғылыми жетекшісінің пікірі. Жеке мөрмен оралған жұмыста автор (авторлар) мен ғылыми жетекші (жетекшілер) туралы ақпарат беріледі.

Байқау үш кезеңде өтеді.

Бірінші кезеңге (университет ішілік) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің жұмыстары ағымдағы жылдың 11 желтоқсанына дейін қабылданады. Электрондық пошта арқылы:

gorakova010@gmail.com   – метеорология

Zhansaya.beksultanova@mail.ru – гидрология 

Басылым күні :  28.11.2020