«Еңбегі сіңген селден қорғаушы» төсбелгісімен марапатталды

Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығы мен Құтқарушы күніне орай, 2020 жылдың 19 қазанында «Еңбегі сіңген селден қорғаушы» төсбелгісімен метеорология және гидрология кафедраның  оқытушысы, PhD докторанты Райымбекова Жанар Түймебайқызы марапатталды.

Марапатты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселден қорғау» мемлекеттік мекемесінің бастығы Көкрекбаев Кәрім Насбекұлы табыс етті. Райымбекова Ж.Т. табиғи төтенше жағдайлардың алдын алу саласында белсенді жұмыс істейді, сел қаупін жедел басқару мақсатында қолданылатын мәліметтерге және болжамдық ақпаратқа сапалы талдау жасау үшін ГАЖ мониторингін құрудың жаңа әдістемелік тәсілдерін зерттейді.

#kaznu.kz

#department of meteorology and hydrology 

Басылым күні :  10.11.2020