"Тыңдай білу, түсіне білу, сендіре білу, түсіндіре білудің артықшылықтары" тақырыбындағы іс-шара

2020 жылдың 10 наурызында №4 студенттер үйінің мәдениет залында "Тыңдай білу, түсіне білу, сендіре білу, түсіндіре білудің артықшылықтары" тақырыбында іс-шара өткізілді.

Тәрбиелік іс-шара коммуникативтік қасиеттерді алуға бағытталған: есту, тыңдау, түсіну, сендіру және дәлелдей білу.

Іс-шараға 18 студент қатысты. Метеорология және гидрология кафедрасының барлық оқытушылары шақырылды. Тәрбиелік іс-шара барысында 1 курс докторанттары қарым-қатынас барысында коммуникативтік техникалардың маңыздылығы туралы ақпарат беріп, әртүрлі сипаттағы ойындар өткізілді, сондай-ақ ситуациялық есептер, көптеген логикалық сұрақтар қойылды.

Іс-шара жоғары деңгейде өтті, Студенттер өте риза болды!

Ұйымдастыруға жауапты: география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және Гидрология кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мусина А. К.

#kaznu.kz

#department of meteorology and hydrology

Басылым күні :  15.04.2020