Шағын футболдан турнир

2019 жылдың 6 қазан күні  "Салауатты өмір салты"  жобасы аясында метеорология және гидрология кафедрасының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен 1 және 4 курс, сондай-ақ магистраттардың қатысуымен шағын футболдан турнир өткізді.

Шараның мақсаты жасөспірімдердің бос уақытты тиімді пайдалану және спорт түрін жастар арасында кеңінен насихаттау болып табылады.

Жарыстың ашылу салтанатын кафедра оқытушыларының құттықтау сөздерінен бастау алды. Жарыста метеорология және гидрология кафедрасының студенттерінің 1және 4 курс студенттері, магистранттар арасынан командалар қатысты. Жарыс қызу да қызықты өтті. Қатысушылар ойын ережесін сақтай отыра, жарысты өз дәрежесінде өткізді. Әр командадан алты ойыншыдан қатысып, жақсы ойын нәтижесін көрсетті.

Ойын нәтижесі бойынша 3 курс студенттерінің командасы жеңіске жетіп, екінші жүлделі орынға оқуға жаңадан қадам басқан 1 курс студенттері орнықты. Үшінші орынды 2 курс студенттері иеленді. Сондай-ақ, «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы», «Үздік фанклуб» секілді марапаттауларда берілді. Жүлделі орны алған командалар мараппатталып, аранйы дайындалған сыйлықтарға ие болды және «Метео кубогы» табысталды. 

Басылым күні :  28.10.2019