«Қазақстандағы апаттар қаупін азайту бойынша ғылымдағы жас зерттеушілер және жас мамандарды жұмылдыру» тақырыбында бірлескен семинар

2019 жылдың 24 сәуірде сағат 13.00, 219 ауд. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультеті метеорология және гидрология кафедрасында ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросымен және Қазселденқорғау ММ мекемесімен бірге «Қазақстандағы апаттар қаупін азайту бойынша ғылымдағы жас зерттеушілер және жас мамандарды жұмылдыру» тақырыбында бірлескен семинар өткізілді. Семинарға 28 адам, жастар және жас мамандар қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты жас ғалымдар мен мамандардың апаттар қаупін төмендету саласындағы ғылыми әлеуетін арттыру болды.

Семинар барысында көтерілген сұрақтар:

1. Қазақстандағы табиғи апаттар;

2. Табиғи апаттар проблемаларын нақты зерттеу;

3. Облыстық және жергілікті деңгейлерде апаттар қаупін азайту тетіктері;

4. Мамандардың ғылыми әлеуетін арттыру үшін жастар көзқарасы.

Семинардың қорытындысы бойынша жас мамандарды республикада апаттар қаупін азайту бойынша проблемаларын зерттеуге және шешуге тарту және Қазақстан жас мамандары арасында ОРР (Орталық Азия) үшін Біріккен жастардың жастар желісінің жұмысы көрсетілді.

Басылым күні :  28.10.2019