QS World Wide бүкіләлемдік конференциясы: «Адами мұра мен жоғары технологиялар үйлесімділігіне негізделген жетілдіруге қарай»

2019 жылдың 19-20 қыркүйек күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Адами мұра мен жоғары технологиялар гармониялары негізінде жетілуге қарай» QS World Wide Бүкіләлемдік конференциясы өтті.

Конференцияға әлемнің 30-дан астам елдерінің, жақын және алыс шетелдердің өкілдері қатысты. Олар жетекші университеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, университеттердің танымалдылығын арттыру, ғаламдық адами капиталды қалыптастырудағы университеттердің рөлі деген сияқты сұрақтарды талқылады.

Пленарлық отырысқа қосымша 4 бөлімде жұмыс жүргізілді:

1) Университетті жетілдіру стратегиялары: зерттеу, білім беру, әлеуметтік жауапкершілік және басқалары

2) Тұрақты даму, климат, өзгерістер және тәуекелдерді басқару: саясат, тенденциялар және озық тәжірибелер

3) Университеттің сыртқы байланыстары - маркетинг, брендинг және БАҚ-пен өзара әрекеттесу

4) Жібек жолы бойындағы жоғары білімнің, мәдениет пен технологияның дамуы

Басылым күні :  21.09.2019