«1 сәуір- күлкі күні ме әлде алдау күні ме?»

Сәуірдің 1 жұлдызында, География және табиғатты пайдалану факультетінің жатақханасында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында студенттермен қызықты пікір-таласты іс-шара өткізілді. Іс-шара тақырыбы «1 сәуір- күлкі күні ме әлде алдау күні ме?». 

Атақты сатирик Сейіт Кенжеахметұлы ағамыздың: «Күлдіре білу - өнер, күле білу - өмір» деген сөздерінің жаны бар. Күлкі стреске қарсы ең басты құрал екені белгілі. Күлкі-адам өміріндегі ең қызықты сәт десе де болады. Жүзіңнен күлкі кетпесін дейміз ғой, күліп жүрген, жайдарлы адаммен сөйлесу әлдеқайда ыңғайлы емес па? Күлкі жұқпалы дейді. Бір адамның «хи-хи» деген күлкісінен өзің еріксіз күлуің мүмкін. Бірақ күлкі дегеніміз ең пайдалы инфекция. Осыған орай метеорология мамандығының 1-2 курс студенттері қызықты, танымды ойын түрінде іс-шара  ұйымдастырды.  

Іс-шараның мақсаты: студенттер арасындағы командалық жұмыс пен жауапкершілікті нығайту. Студенттерге көңілді, көтеріңкі көңіл – күй сыйлау, ептілікке шапшаңдыққа тәрбиелеу. Зал іші «Күлкі – жанның шипасы» атты мерекеге орай безендірілген ( түрлі түсті шарлармен, көңілді смайликтермен).

Іс шара барысында студенттер өздерінің дайындаған қызықты ақпараттарымен бөлісіп, топтық ойын кезінде ұжымдылық, білімділіктерін таныта білді.

 

Басылым күні :  22.04.2019