Кафедраның түлегі, әскери инженер-синоптикпен кездесу

2019 ж 29 наурызында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде «Метеорология» мамандығы бойынша 3-4 курс студенттеріне кәсіби біліктілік бағдарламасы бойынша  метеорология кафедрасының 2007 жылғы түлегі №2177 әскери бөлімшесінің әскери инженер-синоптигі Полозев Дмитриймен  кездесу  ұйымдастырылды.

Кездесу барысында әскери инженер-синоптик авиацияға қызмет көрсететін әскери метеорологтардың маңызды жұмысы туралы әңгімеледі. Ол әскери метеорология мамандығының артықшылықтарын айта отырып, университетте оқыған кезінде мамандық бойынша алған білімінің жұмыс  барысындағы маңыздылығын ашып көрсете айтты. Студенттер әскери инженер-синоптик баяндамасын қызығушылықпен тыңдап, содан кейін көптеген мамандық бойынша сұрақтарын қойды. Көптеген студенттер әскери инженер-синоптик жұмысына қызығушылық танытып, келешекте сол мамандық иесі болу тілектерін білдірді.



Басылым күні :  22.04.2019