«Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні!» атты ашық кураторлық сабақ
2019 жылыдң 18 наурыз күні «Айналанды нұрландыр» жобасы аясында, География және табиғатты пайдалану факультетінің Метеорология және гидрология кафедрасының «Метеорология» мамандығының 2 курс студенттері мен топ эдвайзерлері Наурыз меркесіне орай ашық кураторлық сағат ұйымдастырып өткізді.
Ашық кураторлық сағаттың мақсаты: ˗ студенттер бойында қазақтың халықтық дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, салттары туралы білімді бекіту; ˗ мәдениетті құрметтеуге, қызығу сезіміне баулу, отансүйгіштікті, Отанға деген сүйіспеншілікті және құрметтеуді тәрбиелеу.
Ашық кураторлық сағаттың міндеттері: ұлттық және жалпыға ортақ құндылықтар негізінде студенттердің тұлғасын дамыту және қалыптастыру; қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметті тәрбиелеу. Іс-шараға факультет деканның тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, факультет оқытушылары, магистранттар және факультет студенттері шақырылды.
Іс-шара барысында студенттер қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-жораларын көрсету кезінде өз шығармашылық қабілеттерін көрсетті. 2 курс қыздары «Қамажай», «Кара жорга» ұлттық биін орындады. Сондай-ақ ұлттық әндер орындалып, күй шертілді. Ашық кураторлық сағат жоғары ұйымдастырушылық, ақпараттық-танымдық, мәдени-тәрбиешілдік деңгейде өткізілді.