«Салауатты өмір салты» кураторлық сағат

2019 жылдың 11 ақпан күні  «Салауатты өмір салты» жобасы аясында География және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасының  «Метеорология» мамандығының 2 курс студенттері және эдвайзері танымды кураторлық сағат ұйымдастырды. 

Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі — салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. 

Адам баласы үшін ең қымбатты – оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Өкінішке орай «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» торына бейкүнә жандар ілігіп, дүние салып, аурулардың азабын тартып жатыр. Ал осы зияндылармен күресу оңайға түсер емес. Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы  аясында шаралар кешені іске асуда. Ол — әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу.

Кураторлық сағат барысында студенттер «Салауатты өмір салты» туралы баяндамалар оқыды. Денсаулыққа байланысты мақалдар мен ұлағат сөздер жарысын ұйымдастырып, «Мені жалғастыр» ойынын өткізді. Соңында студенттер жалпы кураторлық сағат бағыт бағдар бойынша түйген ойларын ортаға салып, талқылады.

Іс-шараның басты мақсаты студенттердің бойына студенттердің бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, дене шынықтыру мен жаман әдеттерден сақтандыру жайлы насихаттау. 

Басылым күні :  02.03.2019