Курстық жұмыстарды қорғау

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, География және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасының 4 курс студенттері курстық жұмыстарын қорғады.

Студенттердің ғылыми зерттеулері климаттың өзгеруінің, атмосфералық ауаның климат пен ауа райы жағдайларынан және қалыптасу механизмдерінен (жаһандық, аймақтық және жергілікті масштабтағы) ластануы мен оны қорғаудың, гидрометеорологиялық  және т.б. проблемаларын шешу үшін математикалық модельдеу перспективаларының өзекті мәселелеріне арналды.

Курстық жұмыстарда ғылыми мәселелерді шешу үшін статистикалық деректерді өңдеу әдістері, ГАЖ технологияларын пайдалана отырып картографиялық модельдеу, математикалық формулалар мен функциялар пайдаланылды.

Студенттер қойылған міндеттерді практикалық шешу үшін негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар жасады, маңызды аспектілерді атап өтті, шетелдік зерттеулер тәжірибесін қолданды.

Кафедраның оқытушыларының курстық жобаларға қатысуы мен ғылыми мәселелерді шешуде оқушыларды даярлау деңгейінің жоғары деңгейін айта кетуге болады.

 

Басылым күні :  15.01.2019