«Метеорология» мамандығының 1 курс студенттерін Студенттер қатарына қабылдау іс-шарасы

«Жастар таңдауы - ҚазҰУ» деп келген кешегі талапкер, бүгінгі бірінші курс студенттері «студент» атанып, қызықты студенттік өмірлерін бастап та кетті. Осы орайда алдыңғы буын кейінгі буынға жол сілтеп, білгендерін үйрету және студенттер бір-бірімен танысу мақсатында география және табиғатты пайдалану факультеті, Метеорология және гидрология кафедрасының 2-3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Қадамың құтты болсын!» атты «Метеорология» мамандығының 1 курс студенттерін Студенттер қатарына қабылдау іс-шарасы табиғат аясында өткізілді. Бұл іс-шара дәстүрлі кеш түрінде емес, табиғат аясындағы достық кездесу түрінде өтті. Іс-шараның мақсаты Алматы қаласының  әсем табиғатымен таныстыру болды. Бутаковка тау шатқалында әр түрлі ойындар ойнатылып, қиыны мен қызығы мол студенттік өмірдің қыр-сырлары айтылды. Болашақ «Метеоролог» жастарға мамандық туралы кіріспе түсіндірме берілді. 2-3 курс студенттері арттарынан ерген іні-қарындастарына сәт-сапар тілеп, табиғат аясындағы достық кездесуі ән-би кешімен жалғасты.

Басылым күні :  15.10.2018