Дүниежүзілік метеорологтар күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс шара

2018 ж. 29 наурыз күні «Айналанды нұрландыр» жобасы аясында 23 наурыз - Дүниежүзілік метеорологтар күніне орай ҚазҰУ-дың метеорология және гидрология кафедрасының 1-3 курс студенттерінің және эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өткізілді.  Белгіленген бұл мереке – қызықты да,  өте күрделі мамандықты таңдаған адамдарға деген құрмет әрі ризашылық белгісі. Дүниежүзілік метеорология күнін тойлау – «Қазгидрометтің» және қазақстандық гидрометеорологтардың мәртебесін жоғарылатуға мүмкіндік туғызу.

Мерекелік іс-шара барысында студенттер қауымы өздерінің ақ тілектерімен қатар, керемет өнерелерін ортаға салып тарту етті. Әдемі ән де шырқалды, мын бұрала билеген би де болды, сонымен қатар 1 курстың әзілкештер тобы кешті өздеренің арнайы  дайындаған әзілдерімен одан ары жандандыра түсті.




Басылым күні :  21.04.2018