әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасында Метеорология мамандығының 1 курс студенттерімен кездесу

Отанын жанындай сүюге және мейірімділік рухымен тәрбиеленіп, психологиялық тұрақты, батыл, тәртіпті,  жоғары адамгершілік қасиеттерге ие болуға баулу мақсатында, 2017 ж. 8 қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасында География және табиғатты пайдалану факультетінің Метеорология мамандығының 1 курс студенттерімен  кездесу тәрбие сағаты өткізілді.        

Кездесу барысында әскери кафедраcының музейі, лазерлік ату кешені, арнайы метеорология классы  және Кеңес Одағының батыры  Бауыржан Момышұлы дәрісханасы, ҚР алғашқы Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетов дәрісханаларымен таныстыру  экскурсия  жүргізілді.


Басылым күні :  27.11.2017