Шағын футболдан турнир

2017 жылдың 21-ші қазанында "Жаны саудың-тәні сау" бағдарламасы аясында метеорология және гидрология кафедрасының 1-4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен шағын футболдан турнир өткізілді. Ойын нәтижесі бойынша 4 курс студенттерінің командасы жеңіске жетті. Екінші орынға оқуға жаңадан қадам басқан 1 курс студенттері орнықты. Үшінші орынды 2 курс студенттері иеленді. Жүлделі орны алған командалар мараппатталып, «Метео кубокты» алды. 

Басылым күні :  06.11.2017