Факультет ішілік мини футболдан турнир

2017 ж. 14 сәуірінде сағат 14:00-ден 17.00-ге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің спорт кешенінде «Салауатты өмір салты» бағдарламасы аясында студенттік командалар арасында факультет ішілік мини футболдан турнир болып өтті.

 Мини футболдан турнирде «5В061000-Гидрология», «5В060900-География» және «5В061200-Метеорология», «5В071100-Геодезия және картография», «5B090300-Жерге орналастыру» мамандықтары бойынша студенттік командалар қатысты.

Мини футболдан турнирден «5В071100-Геодезия және картография» мамандығының студенттік командасы жеңімпаз болды. Ойынға қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталып, түрлі сыйлықтарға ие болды. 

Басылым күні :  12.05.2017