Дүниежүзілік Су Күніне арналған «Гидроинтеллект» интеллектуалды ойыны

2017 ж. 13 сәуірінде сағат 17:00-де ГУК-6 оқу ғимаратының 1 залында метеорология және гидрология кафедрасы, кафедра күні аясында ұйымдастырған Дүниежүзілік Су Күніне арналған «Гидроинтеллект» интеллектуалды ойыны болып өтті.

Интеллектуалды ойынға «5В061000-Гидрология», «5В060900-География» және «5В061200-Метеорология» мамандықтарының студенттері қатысты. Қатысушылар гидрология саласында өз білімдерін көрсетіп, қызықты да танымды сұрақтар ойластырып, аудиториямен тығыз қарым-қатынас жасай білді.

Ойынға қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталып, түрлі сыйлықтарға ие болды. 

Басылым күні :  12.05.2017