G-Global шеңберінде «Су күні» онлайн видео-конференциясы

2016 ж. 13 казан күні география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасы Қазақстан-Неміс университетімен бірлесе отырып, G-Global шеңберінде «Су күні» онлайн видео-конференциясын өткізді. Онлайн видео-конференциясы екі сессиядан тұрды. Біріншісі сессияда барысында шақырылған сарапшы Біріккен Ұлттар ұйымы департаментінде Орта Азия және Оңтүстік Кавказ бойынша табиғи апаттардың қауіпін азайту жөніндегі өңірлік координаторы,  Азия-Тынық мұхит аймағының гендерлік мәселелері жөніндегі координаторы - Мадхави Малалгод Ариябандудың баяндамасы тыңдалды. Онлайн видео-конференцияның екінші сессиясында Қазақстан-Неміс университеті, Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТЗИ, ҚазҰАУ және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ партнерлік университеттері студенттерінің баяндамалары тыңдалды.

Басылым күні :  19.11.2016