ОА және РФ арасында өткен олимпиадада студенттер 1 орынға ие болды

2024 жылдың 18 наурызында метеорология және гидрология кафедрасының «6B05203 Гидрология» ОБ бойынша 3 курс студенттері ОА және РФ елдері арасындағы Дүниежүзілік су ресурстары күнінЕ орай ұйымдастырылған «Әлем үшін су» атты олимпиадасына қатысты. Бұл олимпиада Б.Н. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетінің ұйымдастыруымен онлайн форматта өтті. Оған Орталық Азия елдерінен ҚРСУ университеті (Қырғызстан), Худжан мемлекеттік университеті (Тәжікстан), Тау-кен технологиялық институты (Тәжікстан), Өзбекстан Ұлттық университеті (Өзбекстан), сондай-ақ Орал мемлекеттік орман шаруашылығы университеті (Ресей Федерациясы) командалары қатысты. Бұл олимпиада өз кезегінде бірнеше турдан тұрды және қатысушылар арасында өзінше қызықты әрі тартысты өтті. Студенттеріміз өздерінің күш-жігерлерін, білімдері мен қабілеттерін көрсетіп, талпыныстарының арқасында 1-орынға ие болды. Жеңімпаздарымызды Аязбек А., Қылышбекова Қ., Токсейтова А., Нұрмұханова А., Әбуғали Д. шын жүректен құттықтаймыз.

Басылым күні :  07.04.2024