«Іле Алатауының мұздықтық жүйелерін ЖҚЗ мәліметтері арқылы бақылау» тақырыбында мастер-класс өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 90-жылдығына орай ұйымдастырылған «Фараби әлемі» атты халықаралық студенттер мен жас ғалымдар конференциясы аясында 2024 жылдың 4 сәуірінде метеорология және гидрология кафедрасының оқытушысы Абдуллаева Ә.С. ұйымдастыруымен «Іле Алатауының мұздықтық жүйелерін ЖҚЗ мәліметтері арқылы бақылау» тақырыбында мастер-класс өтілді. Мастер-классқа қатысушылар Іле Алатауының мұздықтық жүйелерін бақылау мақсатында ғарыштық суреттерді ArcGIS бағдарламасы арқылы дешифрлеу, мұздықтардың шекарасын автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған әдіс бойынша картаға түсіру, мұздықтардың морфометриялық сипаттамаларын анықтау бойынша практикалық жаттығуларды орындап, ғарыштық түсірілімдерді өңдеу бойынша білімдерін шыңдады.


Басылым күні :  07.04.2024