Тұрақты даму мақсаты бойынша "Таза су және санитария" мақаласы

Метеорология және гидрология кафедрасының «Метеорология» мамандығының 2-курс магистратура студенті Базарбай Лаура мен кафедра оқытушысы Мунайтпасова Аида Нургалиевнаның жетекшілігімен Тұрақты даму мақсаты «Таза су және санитария» бойынша «Дара Қазақ» журналына мақала жарияланды. 

Мақалада әлем бойынша таза судың қазіргі таңдағы статистикасы мен еліміздегі проблемалары баяндалады. Тұрақты дамуға байланысты мақсаттарының жүзеге асырылуы тиіс іс-шаралары мен қызықты фактілер де қамтылған. Мақаланы журналдың 24(11)23 1-бөлімінен немесе төменде берілген беттерді жүктеу арқылы оқи аласыздар.

Басылым күні :  11.12.2023