«Гидротехника және мелиорация» пәні бойынша далалық практика

2023 жылдың 1 желтоқсанында тұрақты дамудың 6, 15 мақсаттарына сәйкес, “6B05203-Гидрология” мамандығы бойынша 3 курс студенттері “Гидротехника және мелиорация” пәні аясында далалық практикаға барды. Студенттер Іле ауданы, Жәпек батыр ауылында орналасқан Алматы аэрация станциясындағы ақаба суларды тазартудың механикалық және биологиялық әдістерімен, тазарту ғимараттарымен, құрылғыларымен танысып, олардың жұмыс істеу процесін бақылады. Оған қоса, ақаба сулардың тазарудан өткеннен кейінгі сапасын, шекті мәндерін тексеретін химиялық, гидробиологиялық, бактериологиялық лабораториялардың жұмыс процесімен танысып, мамандарға сұрақтарын қоя алды. Далалық практиканы ұйымдастырған метеорология және гидрология аға оқытушысы, PhD Нарбаева К.Т. және 2 курс докторанты Сайлаубек А.М. Сонымен қатар, далалық практикада кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, аға оқытушы Жанабаева Ж.А., оқытушы Абдуллаева Ә.С, методист Ахметова Р.Е, 2 курс докторанты Калыбаева А.К. болды.

Далалық практика студенттердің жұмыс процесімен таныса отырып, практикалық дағдылар мен білім алуға мүмкіндік беретін бірегей оқыту әдісі болып табылады. Сол себепті, 3 курс студенттері теориялық білімдерін практикада қолдану мүмкіндігіне ие болып, дербестік, коммуникативті және аналитикалық дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Басылым күні :  07.12.2023