Мемлекеттік наградамен марапаттау

Республика күні Ұлттық мерекесі қарсаңында еліміздің ғылымы мен білімін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессорлары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Осыған орай, кафедра меңгерушісінің оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, аға оқытушы Жанабаева Жанара Ануарбекқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне сіңірген «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Бұл марапатты ҚазҰУ ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев табыстады. Жанара Ануарбекқызын кафедра атынан құттықтай отырып, кәсіби және шығармашылық жетістіктер көп болуын тілейміз!

 

Басылым күні :  27.10.2023