ОҚУ ҚҰРАЛЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ

2023 жылдың 9 қазанында метеорология және гидрология кафедрасының ұйымдастыруымен «Гидрологиядағы геоақпараттық жүйелер» оқу құралының таныстырылымы атап өтілді. Оқу құралының авторы – метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы, география ғылымдарының кандидаты Мусина Айнур Каировна. Сондай-ақ, ол 50-ден аса ғылыми мақалалардың, соның ішінде Scopus ғылыми әдебиттер базасындағы 6 мақаланың авторы. Мусина А.К. дүниежүзілік ГАЖ өндіруші алдыңғы қатарлы компаниялардың гидрологиядағы геоақпараттық жүйелердің қолданылуының қазіргі және перспективалы бағыттарына қатысты курстардың белсенді тыңдаушысы, қатысушысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелеренің мамандарына арналған «Возможности компьютерных технологий при изучении опасных гидрологических явлений» оқу курсының құрастырушысы. 20 жылға жуық уақыт аралығында су ресурстарын бағалау, өзен ағындысы сипаттамаларын есептеу, сел қаупін бағалау және басқару, гидрологиялық сипаттамаларды анықтауда ГАЖ технологияларын қолдану, гидрологиялық процесстерді модельдеу бағытында ғылыми-зеттеулер жұмыстарымен айналысып келеді.


 Геоақпараттық жүйелер, қазіргі кезде табиғи сулардың химиялық және физикалық қасиеттерін, су объектілерінде байқалатын құбылыстар мен процестерді зерттейтін гидрология саласында да кеңінен қолданылып келеді. Бұл ғылым саласы табиғаттағы су айналымын, оған адамның шаруашылық іс-әрекетінің ықпалын зерттеп, су объектілерінің режимін басқаруды жүзеге асырады, жекелеген аумақтар мен бүкіл Жер шары үшін гидрологиялық элементтерге талдау жасайды, су ресурстарын тиімді пайдалану мен олардың жай-күйін бағалап, болжайды. Сол себепті, «Гидрологиядағы геоақпараттық жүйелер» оқу құралы гидрология саласының одан әрі дамуына, студенттердің ГАЖ технологияларын жетік меңгеріп, гидрология саласындағы өзекті мәселелерді шешуге белсене араласатындығына нық сенімдіміз.

Басылым күні :  11.10.2023