Халықаралық дөңгелек үстел

Метеорология және гидрология кафедрасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 17 наурыз күні Дүниежүзілік Метеоролог және су күніне орай «Гидрометеорология және геоэкологияның қазіргі мәселелері» атты Халықаралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты гидрометеорология саласындағы әлемдік ғалымдардың білімдерін бір арнада тоғыстыру, білім алмасу және тәжірибеде қолдану. Дөңгелек үстелге Жапания, Финляндия, Тәжікстан мемлекеттерінен ғалымдармен қатар, Киото, Акита, Хельсинки және Казақ неміс университеттерінен, сонымен қатар «Shibata Industrial», «Tamaya Technics Inc» және «Қазгидромет»  ұйымдарының өкілдері қатысты.

#kaznu.kz

#department of meteorology and hydrology

Басылым күні :  14.04.2023