10-11 сынып оқушыларына арналған «Ашық есік күні»

2023 жылдың 27 ақпанында  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, География және табиғатты пайдалану факультетінде 10-11 сынып оқушыларына арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті. Іс-шараға республикамыздағы 10-11 сынып оқушылары қатысты.

Іс-шара аясында оқушылар университет, факультет өмірімен, кафедралармен, дайындау бағытымен, оқуға түсу шарттарымен және студенттік қызықты күндерімен танысты.

Ашық есік күні барысында қызықты викториналар және интеллектуалды ойындар ойнатылып, шараның белсенді қатысушылары мақтау қағазымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ іс шара кезінде университет кампусы ішінде экскурсия жүргізіліп, аудиториялар, зертханалар, Жерді қашықтықтан зондылау (ЖҚЗ) орталығы, кітапхана, «Керемет» СҚКО, спорт кешені сияқты оқу орнының басты ғимараттарын тамашалады.

#kaznu.kz

#department of meteorology and hydrology


Басылым күні :  10.03.2023