әл-Фараби атындағы ҚазНУ студентінің Ар-намыс кодексімен және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студентi туралы ережесін түсіндіру бойынша кураторлық сағат

2023 жылдын 27 қаңтарында География және табиғатты пайдалану» факультеті Метеорология және гидрология кафедрасының «6B05204 - мамандығы бойынша 2 курс студенттерің әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студентінің Ар-намыс кодексімен және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті студентi туралы ережесін түсіндіру бойынша кураторлық сағат ұйымдастырылды.

Кураторлык сағат барысында топ кураторы Мусралинова Г.Т. 2022 жылы 24 қараша № 4 хаттамасымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дын Ғылыми Кеңесінде бекітілген және ұжымның жалпы отырысында мақұлданған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студентінің Ар-намыс кодексiн түсіндірді. Ережеге сай студенттер жоғары оқу орынында өзін қалай ұстауы керектігін, оқу орнының тәртіп ережелерін, этикетті жайлы сөз қозғалды. Әрі қарай талкылау барысында, топ студенттері өз ойларын жеткізіп, біршама сұрақтарына жауап алды. Студенттер өз тарапынан университеттің студент ережесін және Ар-намыс кодексiн кабылдап, оны қалтқысыз орындайтындарына уәде берді.

#kaznu.kz

#department of meteorology and hydrology

Басылым күні :  16.02.2023