«Түрік жоғары білім беру жүйесі» біліктілігін арттыру курстары

2021 ж. 23-29 қазан айында  метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы Мусралинова Г.Т. Анталия, Анталия (Түркия) білім университетінде «Түрік жоғары білім беру жүйесі» біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Antalya Bilim University ректоры, профессор Исмаил Юксель Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларының алдында құттықтау сөз сөйлеп Қазақстандық университетпен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Ректор қатысушыларды университет қызметімен таныстырып, оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері бойынша тренинг өткізді. Тренингте Antalya Bilim University проректоры Хамза Кандур Түркияның жалпы ғылым мен білім саласындағы жаңалықтарына тоқталып, университет жетістіктерін атап өтті. Қатысушылар мен баяндамашылар қосдипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру, бірлескен ғылыми мақалалар шығару, университеттер арасындағы студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы мәселелерін де талқылады. Курс соңында біліктілікті арттырудың халықаралық сертификаттары табыс етілді.

#kaznu.kz

#department of meteorology and hydrology

Басылым күні :  19.11.2021