Кафедра студенттері ІI Халықаралық пәндік олимпиададан орын алды

Е.Н. Гумилев атындағы ұлттық университеттің ұйымдастыруымен өткен «Гидрология» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің арасында қашықтан өткізілген ІI Халықаралық пәндік олимпиадада жалпы командалық есепте біздің студенттер 2 және 3 орындарға ие болды. Халықаралық пәндік олимпиадаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан «5В061000-Гидрология» мамандығының 3 курс студенттері Ахметова Райбану, Шакенов Абзал, Сатиев Ғалымжан, Әліпова Айкенай, және 4 курс студенттері Серікқызы Іңкәр, Тай Әсем, Қонаева Камилла, Тлекеев Темірлан, Жиенбекова Ақбота, Калмурзаева Дилфуза қатысты. Аталған студенттерден құралған «Galacticos» және «Water Keepers» командалары Ресей, Белоруссия, Өзбекстан және еліміздің бес ЖОО-нан қатысқан 12 команда ішінен үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді

Өте жақсы нәтижемен университет намысын абыройлы қорғағаны үшін студенттерімізді және жетекшілері – география ғылымдарының кандидаты, доцент Мусина Айнур Каировнаны, аға оқытушылар Раймбекова Жанар Туймебайқызын және Бексултанова Жансая Уразалиқызын қуана құттықтаймыз!

#kaznu.kz

#department of meteorology and hydrology

Басылым күні :  12.05.2021