Студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасының қорытындысы

25-27 наурыз аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰҮ-нің химия және химиялық технология факультетінің ұйымдастыруымен химик-технолог мамандықтары үшін студенттердің Республикалық пәндік олимпиадалары өткізілді. Бұл олимпиаданың бір ерекшелігі онлайн режімде өткізілді.

Бейорганикалық заттардың химиялық технолологиясы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың бағдарламасы екі бөлімнен құралды. Бірінші бөлімде Қазахстан Республикасы нақты өндірістеріндегі технологиялық мәселелік есептерді шешуге арналған тапсырмалар қарастырылды. Екінші бөлімде компьютерлік онлайн тестілеу жүргізілді.

Командалық есеп бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Team Genius» командасы олимпиаданың жеңімпазы атанды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің екінші «Комета» камандасы жүлделі екінші орынды иеленді. Команда мүшелері - Жолдас Қырмызы Шералықызы, БЗХТ-410 топ; Торжанова Сания Бахытжанқызы, БЗХТ-409 топ; Нуримова Анель Муратовна, БЗХТ-301 топ студенттері. Республикалық пәндік олимпиаданың жекелей есебі бойынша нәтижелердің қорытындысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенті Жолдас Қ.Ш. үздіктер қатарынан көрініп, ҚР БҒМ I дәрежелі дипломымен, Торжанова С.Б. ҚР БҒМ III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Басылым күні :  25.05.2020