Ғылыми семинар

2020 ж 20 мамыр күні сағат 13:00-де 6D060600 – "Химия" мамандығының 2 курс PhD-докторанты Рахым Ақмарал Бахытжанқызы "Табиғи және техногендік шикізат негізіндегі жаңа композициялық материалдардың физика-химиялық және қолданбалы сипаттамалары" тақырыбында ғылыми семинар өткізді, ғылыми жетекшісі х.ғ.д., профессор Сейлханова Гүлзия Амангелдіқызы. Семинарға физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының ПОҚ, сонымен қатар кафедра докторанттары қатысты. Семинар барысында Рахым А.Б. докторлық диссертациясының нәтижелерін таныстыру түрінде баяндама жасады. Баяндама бойынша көптеген қызықты сұрақтар қойылып, зерттеудің нәтижелері мен алдағы жоспарлары белсенді талқыланды. Сонымен қатар, кафедраның ПОҚ докторанттың нәтижелерін жетілдіру бойынша көптеген кеңестер берді. Бұл семинар докторанттың ғылыми жұмысын дамытуға өте пайдалы болды.

Басылым күні :  25.05.2020